Атыраулық әйел бесінші қабаттағы үйінің терезесінен секірмек болды (+ВИДЕО)

whatsapp image 2022 09 07 at 16.51.41 750x422 1 Қоғам

Атыраулық полицейлер 5-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды.

7 қыркүйек күні сағат 16:16 шамасында 102 операторына Вокзал маңы ықшам ауданы Бергалиева көшесінде орналасқан үйлердің бірінің 32 жастағы тұрғыны анасының пәтер есігін ішінен құлыптап алғаны жөнінде хабарлаған. Видео мұнда Аталған хабарлама бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің №10 учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына жедел жетіп, пәтер есігін ашқан. Пәтер ішінде 5-қабат терезесінен сыртта орналасқан салқындатқыш үстінде өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте тұрған азаматшаны көріп, дереу әрекет етіп құтқарып қалған. Қала тұрғынын өлімнен аман алып қалған қос бірдей полиция капитаны Қобылан Мамитин мен Нұрсұлтан Абитовтың айтуынша, олардың әр секунды маңызды болған, тез шешім қабылдап әрекет еткен.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ВИДЕО:

https://aitube.kz/video?id=53fbc949-dd3a-43db-8e26-1aa775dc6d4c

4cbb2b30 152e 45d3 afd2 0f8328699f2d
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз