Атыраулық Нұрлан Амманда чемпион атанды!

nurlan 2 Жаңалықтар

Atr.kz/22 шілде, 2019 жыл. Өткен аптада Иорданияның елінің Амман қаласында паратаеквондодан V ашық Азия чемпионаты өтті.

Онда ел намысын қорғаған атыраулық спортшы Нұрлан Домбаев чемпион атанды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, құрлық додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленді. Осылайша, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға табан тіреді.

75 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрлан алдымен аустриялық қарсыласын оп-оңай ұтты. Ал, финалда бұрынғы қарсыласы, әлем және Еуропа чемпионы – украиналық Антон Шветцті жеңді. Айта кетейік, ол 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионы атанып, былтыр да Азия чемпионы атанған-ды. Нәтижесінде, спортшы Токио Паралимпиада ойындарына лицензия алу үшін қажетті ұпай санын тағы бір түгендеп алды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

nurlan 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз