Жарнама
Медицина

Атырауда жаңа туған сәбилерге арналған жоғары технологиялық терапия енгізілуде

Атырау облыстық перинаталдық орталығында неонатолог дәрігерлер азот оксидін шығаратын жаңа буын медициналық құрылғымен жұмыс істеуді үйреніп жатыр. Бұл — өңірдегі денсаулық сақтау жүйесіне енгізіліп жатқан заманауи цифрлық-медициналық шешімдердің бірі.

Азот оксиді терапиясы – ауыр жағдайда дүниеге келген нәрестелердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс. Цифрлық басқару жүйесімен жабдықталған бұл құрылғы өкпе гипертензиясы, туа біткен сепсис, ауыр пневмония және тыныс алу жүйесінің басқа да ақаулары бар шақалақтарды емдеуге қолданылады. Ол қанның оттегімен қанығуын жақсартып, жасанды өкпе желдету қажеттілігін төмендетуге септігін тигізеді.

Медициналық құрылғы Атырау облыстық перинаталдық орталығына «Теңізшевройл» компаниясының демеушілігімен жеткізілді. Қазіргі уақытта ол орталықтың жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды емдеу бөлімшесіне орнатылып жатыр.

Құрылғыны тиімді пайдалану мақсатында неонатолог дәрігерлерге арнайы оқыту курстары өткізілді. Оқыту процесін құрылғыны жеткізуші компанияның инженерлік маманы жүргізіп, аппараттың барлық функциялары мен қауіпсіздік тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Себебі бұл технологияны дұрыс қолдану — оның тиімділігі мен сәбилердің өмір сүру мүмкіндігіне тікелей әсер етеді.

Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы заманауи технологияларды енгізу арқылы перинаталдық көмектің сапасын арттыру және жаңа туған сәбилердің өмірін сақтап қалу бағытында нақты қадамдар жасап келеді.

Айта кету керек, қыркүйек айында жергілікті дәрігерлер бұл құрылғыны клиникалық практикада қалай пайдаланып жатқаны туралы алғашқы нәтижелермен бөліспек.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button