Желіде Димаштың суреті қызу талқыға түсті
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазір Меккеде. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Димаш көптен бері Меккеге әжелерін әкелуді армандағанын айтады. Бүгін үлкен арман орындалды.
«Меккедеміз. Осы киелі жерге жетуге мүмкіндік берген Алла Тағалаға сансыз шүкір. Мен әжелерімді осында әкелуді көптен армандадым. Дүниеде тыныштық болып, жер бетіндегі барлық адамдар бақытты болсын», – деп жазды Димаш.
Әнші қасиетті өлкеден бірнеше фотосуреттер жариялады.
Өнердегі аға-әпкелері мен желі қолданушылары сәт сапар тіледі.
“Алла ұлық! Қажылық қабыл болсын, Димаштай!” деп жазды Сәкен Майғазиев.
“Қабыл болсын”, – дейді Тамара Асар.
“Алла — Шебер! Қабыл болсын”, – деп жазды Нұржан Керменбаев.
“Алла қабыл етсін, бауырым!” – деді Асылхан Төлепов.
“Екі әжеңізді бірдей Меккеге апарып, перзенттік парызды орындадыңыз. Жарайсыз, Димаш! Ниеттеріңіз қабыл болсын! Екі әженің өмірі ғұмырлы болсын!” – деді желі қолданушылары.