Атырау облыстық театры академиялық дәреже алды

s1200 Жаңалықтар

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрына академиялық дәреже беру туралы еліміздің Үкіметінің арнайы қаулысы шықты. Осы қуанышты жаңалықпен Рақымжан Отарбаев және Берік Жәменов басқарып отырған театр ұжымын және барша атыраулықтарды құттықтаймыз!

s1200

Атырау облыстық қазақ драма театры 1938 жылы үкімет қаулысымен мемлекеттік театр болып құрылды. Оған Петропавл мен Орал қазақ топтары қосылып, 9 мамырда М.Әуезовтың «Түнгі сарынымен» театрдың шымылдығы ашылды. Айта кету керек, театрда Қ.Төлеков, А.Ахметова, Ж.Манапова, З.Сүлейменова, Ы.Иманқұлов, К.Иманғалиева сияқты аға буын өкілдері театрдың қалыптасуына мол еңбек сіңірді. Театрда әр жылдары Ш.Гатаулин, А.И. Сусанов-Саянский, А.Есенбаев, Н.Л. Леготин, Р.М. Шарафутдинова, М.Қамбаров, Қ.Жетпісбаев, Мен Дон-Ук, Ш.Зұлқашев режиссерлік қызмет атқарды.

Енді М.Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры еліміздегі академиялық дәрежесі бар санаулы театрлардың қатарына қосылды.

Нұрсұлтан Мықтыбай

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз