Театр төл мерекесін атап өтеді

dram teatr im mahambeta new 1 Мәдениет

27 наурыз күні Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында Халықаралық театр күні аталып өтіледі.

Мерекелік салтанатты іс-шарада өнер ордасының 86-шы маусымы қорытындыланбақ. Сондықтан, театрдың көркемдік жетекшісі Темірбек Мұхтаров өнер майталмандарының төл мерекелерінде қолдау көрсетіп, өнерпаздардың марапат алу сәтінің куәгері болуға шақырады. Сондай-ақ театр сүйер қауымды наурыздағы репертуарын тамашалауды ұсынады. Наурыздың соңына дейін «Махаббат, қызық мол жылдар», «Медея», «Келін» спектакльдері сахналанса, өнер ошағының кіші залында балаларға арналған «Тентек шал» мен «Винни және оның достары» атты ертегілер қойылады деп күтілуде.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Темірбек

    Өнер – адам жанын күнделікті шаң-тозаңнан тазартады.
    Пабло Пикассо