img 3227 scaled

Атырауда алғаш рет республикалық «Махамбет» журналы оқырманмен қауышты (+ФОТО)

Жаңалықтар Мәдениет ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/5 наурыз, 2020 жыл. Журналдың салтанатты тұсаукесер рәсімі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өтті. Зиялы қауым өкілдері жиналған басқосу қазақтың қасиетті қобызының үнімен Доспамбет жыраудың үзіндісімен бастау алды.

Университеттің бірінші курс студенттері ақын Махамбет бабаның  жігерлі өлеңдерін нақышына келтіре оқып, көпшілікті сүйсінтті. Журналдың жарыққа шығуына аталмыш оқу орны ерекше үлес қосты. Басылымның Бас редакторы профессор Қадыр Жүсіп биік рухты, шалқар шабыт иесі Махамбет туралы, ақынның жырлары жайында кеңінен айтты. Бұл рухани басылымның құрылтайшысы

-«Болат Медиа» мекемесінің директоры Болат Батыр. Ал, бас редактордың орынбасары Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, облыстық «Атырау»газетінің Бас редакторы Исатай Балмағамбетов. Алғашқы нөмірде ақылдастар алқасының бірнеше мақалалары топтастырылды. Журнал жылына төрт рет шығарылады. Дәл қазір оқу орнында басылымның берер мол тәрбиесі, тағылымы туралы жан-жақты айтылуда. Махамбетті кейінгі жас ұрпаққа оқыта білудің жолдары да баяндалуда.

Алтыншаш Құрмашева

img 3220
img 3219

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған