Жарнама
Мәдениет

«ШАҢЫРАҚ» ШАТТЫҒЫ

Шараны Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Еркін Қадырғалиев кіріспе сөзбен ашып, мейрамның маңыздылығына тоқталды.

— Өздеріңізге белгілі, облыстық Ассамблея жыл сайын осындай шаралардың ұйытқысы болып жүр. Шараның басты мақсаты өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін таныстыру, достық, толеранттылық, қарым-қатынасты нығайтып, жастарға тәрбие беру болып табылады, — деп көпшілікті мерекемен құттықтады.

Сонымен, ата-бабадан жалғасып келе жатқан әдет-ғұрып, дәстүрлерін көпшілікке паш ету үшін корейлік Абзал Қобошов пен Вере Шин отбасылары сахнаға көтеріліп, отбасылық дәстүрді таныстырды. Корей ұлтында сәби бір жасқа толған шағында отбасына туған-туыстары жиналып, дастарханға бар тәттіні қояды екен. Сәби қай тағамды таңдаса, соны бүлдіршіннің бар ғұмырымен байланыстырып, ақ тілектерін ақтарады. Ал, қазақ халқының ұлттық дәстүрін таныстыру үшін Ғұмаровтар отбасы шықты. Олар Құрбан айт мерекесінің қазақ халқы арасында тойлануына тоқталып, көпшілікке бауырсақ таратты.

Дмитрий Бахтуридзе мен Натия Джваршеишвна грузин халқының ұлттық биімен дөңгеленіп  билесе, Эпштейн Ткач Софья Матвьевна, Галина Фокина, Павел Петрович еврей ұлтының күнтізбесіне тоқталып, ұлттық мерекелерді атады.  Татар, шешен ұлтынан қатысқан өнерпаздар да өнерлерін көпшілікке паш етті.

Әрбір ұлт өкілдері ұлттық тағамдарын, қолөнерін де таныстырды. Шара соңында мейрам қатысушылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button