2 миллион теңге кімнің еншісінде? (+ФОТО)

ANU 9813 Жаңалықтар

Айтыскер ақын, атақты жырау Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына орай мұнайлы мекенде халықаралық айтыс өтті. Бас жүлдеге 2 миллион теңге байрақ тігілді.

20181026181204

Екі күнге созылған аламан айтыста жиырма үміткер бақ сынады. Ақыры, Батыс Қазақстаннан келген Жансая Мусина жеңіске жетті.

– Мен алғашқы айналымда Өнербек Дәулекеновпен, ақтық сында Рүстем Қайыртаймен сөз қағыстырдым. Сондай-ақ, Монғолиядан Ерлан Дәулет, Қытайдан Шапағат Әбдір де жақсы өнер көрсетті, – дейді ол.

Ал, Рүстем Қайыртай бірінші, Мұхтар Ниязов пен Әсем Ережеқызы екінші, Өнербек Дәулекенов, Асланбек Шұғатаев және Монғолиядан Серік Қуанған үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздың жерлесі Талғат Мықи мен Бауыржан Ширмединұлы да жартылай сыннан сүрінбей өтіп, арнайы жүлдені еншіледі.

ANU_9598

ANU_9139

ANU_9482

ANU_9782

 

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз