Жарнама
Мәдениет

Атырауда 13 мәдениет үйі салынбақ

Бұл туралы Өңірлік коммуникацилар орталығында Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының жартыжылдық жұмысын қорытындылаған басқарма басшысы Әбіл Жоламанов айтты.

 – Бүгінде бес ауылдық елдімекенде мәдениет үйлерінің құрылысы жүргізілуде. Оның төртеуі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтермек. Атап айтсам, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жылыой ауданы Тұрғызба, Майкөмген және Шоқпартоғай ауылдарында жергілікті және республикалық бюджеттен 200 орындық мәдениет үйі салынуда. Ал, Құрманғазы ауданы Азғыр ауылында 100 және Бөкейханда 300 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы уақытша тоқтап тұр. Олардың жобалық-сметалық құжаттарына түзетулер енгізілуде, — деді Ә.Тауфикұлы.

  Сондай-ақ, сегіз мәдениет үйінің құрылысын жүргізу жоспарланған. Нақтылай кетсек, бұлар – Жылыой ауданы Ақкиізтоғай, Махамбет ауданы Сарытоғай ауылдарында 200, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында 400, Құрманғазы ауданы Бірлік және Көптоғай ауылдық окрутерінде, Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында, Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентінде, Исатай ауданы Нарын ауылында 300 орындық мәдениет үйлерінің құрылысы.   Айта кетейік, биыл наурызда Құрманғазы ауданы Хиуаз ауылында 300 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілген болатын. Ал, Қызықоға ауданы Тасшағыл ауылындағы жаңа 300 орындық мәдениет үйін қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

 Суретті түсірген – автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button