Жарнама
Экология

Таза Қазақстан: Атыраудағы компаниялар қоршаған ортаны қорғауға атсалысуда

«Болашақ Атырау» компаниясы 2017 жылдан бері кеңседе пайдаланған қоқысты сұрыптап жинауды қолға алған. Соның нәтижесінде күні бүгінде дейін компания қызметкерлері 6 тоннаға жуық қағаз бен 109 келі пластик жинап, қайта өңдеуге тапсырған.

Компанияның әкімшілік-шаруашылық бөлімінің менеджері Айгүл Ермұханованың айтуынша, өңірдегі әр мекеме әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, экологиялық жақсаруға үлес қоса алады.

–Кеңседе қағаз, пластик және батареяларды салатын бөлек жәшіктер қойылған. Сондай-ақ, энергия тұтынуды азайту мақсатында жарықдиодты шамдар орнатылды, ал кейбір бөлмелерде қозғалыс сенсорлары бар. Қызметкерлеріміз бір реттік пластик өнімдеріне қарағанда, бірнеше мәрте пайдаланатын ыдыстар, термос және экологиялық сөмкелер қолданғанды жөн көреді. Жыл сайын тазалық, көшет егу акцияларына атсалысамыз. Әр азамат экологиялық іс-шараға немқұрайлы қарамай, қолдан келгенше үлес қосуы қажет деп есептейміз,-деді А.Ермұханова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button