Қаланы қалың қара түтінге ораған не?

0d3ee662 1735 4533 8c03 fce9e8435c05 Жаңалықтар

Бүгін Атырау қаласы қалың қара түтінге оранды. Оның нақты себеп-салдары қазір анықталу үстінде. Болжам бойынша өрт қамыстан тұтанып отыр. 

0d3ee662-1735-4533-8c03-fce9e8435c05

Дәл осындай жағдай биылғы жазда жиі орын алған еді. Бұл кезде оның шығу себебі ретінде күннің ыстығы айтылған-ды. Ал, қазір – қоңыр күз, салқын самал мезгілі. Ендеше, көк түтін неден пайда болуы мүмкін?

– Қазіргі таңда қаланың екі жерінде өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Біреуі Алғабас елдімекені маңындағы теңіз бен құрлықтың қосылған жерінде, екіншісі – Ұштұрба елдімекені аумағында орын алған. Онда қаулап өскен қамыстардың отқа оранғаны белгілі болды. Қызыл жалынның қанша гектар аумақты қамтығанын әлі де анықтап жатырмыз, – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Айта кетейік, тілсіз жауды ауыздықтауға 11 өрт сөндіруші мен 3 техника күші жұмылдырылған.

Аман ШАМАР.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз