![Атырауда дауылды ескерту жарияланды 1 dd74bd38 4dee 48a3 bace 016aea18476a](https://atr.kz/wp-content/uploads/2022/04/dd74bd38-4dee-48a3-bace-016aea18476a.jpeg)
Атырауда дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 14 сәуірде өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды.
Солтүстік-батыстан жел соғады, аймақтың солүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды деп күтілуде.
Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
— көшеде қатты жел соқса, ғимараттар мен құрылыстарды паналау қажет;
— қатты желден үй қабырғасына тығылмаңыз, өйткені шатыр құлап кетуі мүмкін;
— үзілген сымдарға жақындау қауіпті;
— билборд, маңдайша, жол белгілері, электр желілерінен аулақ жүрген жөн;
— үлкен ағаштардың жанында болу және онда автокөлік қою да қауіпті ;
— үйдің барлық терезесін жауып, құлап кетуі мүмкін балкон мен лоджиядан сақтанған дұрыс;
— автокөлік пен шағын қайық иелері құбылмалы ауа-райы жағдайын ескеруі керек.
Д.Берденов,
Атырау облысы ТЖД ТЖААБ бас маманы