Жайық апат алдында: ресейліктердің пікірі және мүдделі сенатор

ZHayyi Жаңалықтар

Atr.kz/25 тамыз, 2019 жыл. ATPress. kz сайты редакциясының түсіру тобы «Ақ Жайықты аялайық!» экологиялық экспедициясын жалғастырып, Ресей Федерациясының Орынбор қаласында болды.

 XVIII ғасырда іргесі қаланған Орынбор қамалы ұзақ уақыт Ресейдің оңтүстік- шығыс шекарасын қорғап, сонымен қатар, Орта Азия­мен сауда-саттық байланысын қамтамасыз еткен. Кейін қалаға айналған қамалдың негізі үш рет қаланып, Сакмара өзенінің Жайыққа құяр тұсында орын тепті. Қазір бұл – Орынбордың тарихи орталығы. Бұл қала 1920 -1925 жылдарда РСФСР-дің құрамындағы Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің астанасы болған.

Орынбор деген атау Ор өзеніне қатысты қойылған секілді. Себебі, алғашқыда қала осы өзеннің бойында орналасқан екен (Оренбург – орысша-немісше «Орь бойындағы қала» деген мағына береді). Бұл жөнінде орыстың географ-ғалымы Петр Рычков өзінің «Топогра­фия Оренбургская» кітабында егжей-тегжейлі мағлұмат бер­ген. «Орь» («Ор») гидронимі қ а з ақ жән е б ашқұ р т тілдерінде «сай», «жыра» де­ген ұғымдармен мазмұндас. Бірақ, бұл қазақтың «Өр – биік жер» деген сөзімен де байланысты болуы мүмкін.

Алайда, бізді қызықтырғаны – жергілікті топоними­ка емес, Қазақстан-Ресей шекарасындағы осы ірі қаланың тұсындағы Жайықтың жағдайы. Бұған дейін Индерде, Чапаевта, Оралда көргенімізді «шүкір» деуге болады екен. Орынбор­да Жайық тартылып қалған деп айтуға болады. Мәселен, қаланың ортасындағы жаяу жүргінші көпірі тұсында өзен жіңішкеріп қана қоймай, оны балдыр басып кеткен. Жайықтың ірі тармағы –Сак­мара өзені де құрып барады.

Сол жерде орынборлық- тардың арасында жедел сауал­нама жүргізгенімізде, бәрі де Жайықтың апатты жағдайда екенін білетін болып шықты. Қыста Атырауда балықтың жаппай қырылғанын да естіген. Респонденттердің барлығы «өзенді екі мемлекет бірлесіп құтқаруы тиіс» де­ген пікірді ұстанады. Алайда, сауалнамаға қатысқандар «бұл бағытта әлі күнге дейін жасалған нақты істер жоқ» деп есептейді. Ал, кейбірінің ойынша, Жайықты экологиялық сауықтыруға бөлінген қаражат жемқор шенеуніктердің қалтасын қалыңдатуда.

Орынбордың тұрғындары қатты алаңдаулы екенін көрдік. Ал, шенеуніктері не ойлайды? Өкінішке орай, мұны біле алмадық. Орынбор бойынша су ре­сурстары бөлімінің басшы­сы Сергей Ридель өзінен жоғары басшыға – «Ниж­не-Волжское бассейновое водное управление» де­ген мекеменің бастығы Фархад Миробидовпен бай­ланысуды ұсынды. Ол су ресурстарының федералдық агенттігімен келісіп алуға кеңес берді. Айтқан уәжі – достас елдер болғанымен, шет елдік журналистермен қарым-қатынас халықаралық байланыстар санатына жа­тады.

Кейін Ресей Федерациясы ресми билігінің бір өкілімен тілдесе алдық. Ирикли су қоймасында, Магнитогорскіде және Жайық бастау алатын Башқұртстанның Учали ауда­нында болдық.

Содан Қазақстанға ора­лып, Жайықтың бойымен жүретін XXIII қазақстандық- ресейлік тарихи-мәдени, экологиялық және спорттық- туристік экспедициясына қосылдық. Бұл экспедиция Орынбор облысының Илец­кий ауданында басталып, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына дейін бай­даркамен жүзіп барды. «Біздің Жайық» ҚБ-нің басшысы Елена Тарасенко ұйымдастырған экспедиция 1997 жылдан бері Жайықтың мәселесі толғандыратын қ а з а қ с т а н дық т а р мен ресейліктердің басын қосып келеді. Олардың арасында шенеуніктер де бар.

М ә с е л е н , О р ы н б о р қаласы басшысының орын­басары Дмитрий Кулаков Жайықтағы ахуал күрделі екенін біледі. Үкіметаралық келісімге 2017 жылы қол қойылғанын еске салды. Ал, 25-26 шілдеде Орал қаласында өткен семинар- кеңес аясында ғалымдар мен экологтар өзенді құтқару жөнінде ұсынымдарын берді. Бұл ұсынымдар кейін үкіметаралық деңгейде шешім қабылдауға негіз болмақ.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының де­путаты Сәрсенбай Еңсегенов трансшекаралық Жайық өзенін құтқару мәселесін рес­ми деңгейде көтермек.

Қаршыға КӨШЕКОВ,

Атырау – Орал – Орынбор

(Жалғасы бар)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз