Жарнама
Экономика

Қазақстаннан Францияға экспорт көлемі өсті

Қазақстаннан Францияға экспорт көлемі биылғы 8 айда 3%-ке жуық өсті. Арадағы сауда көлемінің 80-90%-і қазақстандық тауардың үлесінде. Экспорт мұнай және титан есебінен өскен. Франция – негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Былтыр бұл ел біздің тауар айналымымызда 8-ші орын алды.
Ал биылғы 8 айда екі мемлекет арасындағы сауда-саттық 2,7 миллиард доллар болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 21%-ке жоғары. Осылайша, биыл Франция 7-ші орынға шықты. Ал импорт көлемі қаңтар-тамызда 881,8 миллион долларды құрады.

24.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button