«Самұрық-Қазына» қоры тұрғындармен кездеспек
«Самұрық-Қазына» қоры тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастайды.
«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның барлық өңірлерінде IPO тақырыбында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастайды.
Халықпен, кәсіпорын жұмыскерлерімен және қоғам қайраткерлерімен кездесулер бүкіл елде 60-тан астам қалада өтеді. Іс-шараларға «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, AIX және KASE қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері қатысады.
Сарапшылар қоғамды Қордың жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниясына қатысты негізгі ақпаратпен таныстырады.
«Самұрық-Қазына» АҚ мақсаттарының бірі — барлық қазақстандықтардың IPO-ға қатысуын қолжетімді ету. Үкіметтік Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде, Қор Қазақстан Республикасының азаматтарына өз активтерін бәсекелес ортаға шығару тетіктері және елдің ірі компанияларының IPO-ға қатысу мүмкіндіктері туралы толық ауқымды ақпарат таратуды жалғастырады.
IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы көбірек біліңіз.
Анықтама үшін:
2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 8 ірі активі, оның ішінде IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы осы жылға жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, 2012-2020 жылдар аралығында Қордың бірнеше ірі компаниялары қазақстандық қор алаңдарында акциялардың листингін өткізді. «Самұрық-Қазына» портфельдік компанияларының IPO-ның табыстылығы төленген дивидендтердің көлемімен және компаниялардың листингі басталғаннан бастап олардың нарықтық капиталдандыруының ұлғаюымен расталады. Мәселен, KazTransOil компаниясында акциялар құнының өсімі 121%-ды, KEGOC — 281%-ды, Kazatomprom – 383%-ды құрады.
«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті
БАҚ сұрақтары бойынша байланыс: +7705 888 93 98 (What’s App)