Экономика

Қаржы тұрақтылығы: көрпеге қарай көсілу керек

«Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды…»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап айтқан осы сөздері маған ерекше әсер қалдырды.

Расымен де, Қазақстанда ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жоятын кез әлдеқашан жетті. Бұл үшін ескі заңдарды жаңартып, заманға сай бетбұрыс жасау керек.

Мемлекет басшысы мәлімдегендей, біз республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмай жатқанын ашық айтуымыз қажет. Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Егер мұндай жағдай жиі қайталана берсе, түптеп келгенде, бұл еліміздің дамуын тежейтін үлкен мәселеге айналары сөзсіз.  Сондықтан оған жол бермеудің жолын қазірден бастап қолданысқа енгізген жөн. Сонда бізге қайтпек керек десек, Мемлекет басшысы бұл сауалдың да жауабын атап айтты.

–Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс. Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек, — деді Президент.

Ақмарал ЖАЛҒАСБАЕВА,

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button