МИГРАНТҚА МҮМКІНДІК ЖАСАЛДЫ

Шаруа қожалықтарына енді маусымдық жұмыстарға Өзбекстан елінің азаматтарын қызметке тартуға рұқсат берілетін болды. Егін науқанының қызған шағында жұмысшыларды көбірек қажет ететін кәсіпкерлер үшін бұл жағымды жаңалық болғаны сөзсіз. Бұл туралы толығырақ біз облыстық Жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер одағының заңгері Гүлмира Жұмағалиевадан сұрап білдік.
Естеріңізде болса, өткен жылдың қаңтар айында «Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тартуға квота бөлу ережесі» туралы Үкіметтің Қаулысы қабылданған еді. Биылғы жылдың сәуір айында оған өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, климат және өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір маусым ішінде, бірақ, бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын шаруаларды орындауға жұмыс беруші немесе кәсіпкер шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беріледі. Оны алу үшін өтінім облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсырылуы шарт.

-Қазірдің өзінде егінмен айналысатын шаруа қожалықтары Өзбекстан елінің азаматтарын жұмысқа тартуға рұқсат алып жатыр. Бұл ретте өзге ел қызметкерлерінен диплом, еңбек өтілдері сұралмайды. Тек жұмыс беруші тарапынан өтінім болуы тиіс, – деген Г. Жұмағалиева мұндай рұқсат қазір қарқынды жүріп жатқан құрылыс саласына берілмейтінін атап өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз