Жарнама
Экономика

Инфрақұрылым — экономиканың діңгегі

Өңір экономикасын дамыту үшін ең алдымен тұрақты және сапалы инженерлік инфрақұрылым болуы тиіс. Осы ретте Атырау облысының Құрманғазы ауданының орталығы – Құрманғазы ауылында инфрақұрылымды жаңарту бағытында маңызды жұмыстар атқарылды.

img 8875 2

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025–2026 жылдарға арналған күзгі-қысқы дайындық жұмыстары аясында Құрманғазы ауылының Абай көшесінде заманауи талаптарға сай СГКФ маркалы 100 дана электр бағанасы орнатылып, ұзындығы 2800 метр оқшауланған СИП электр желісі жүргізілді. Қазір желі толығымен іске қосылып, ауыл тұрғындарына үздіксіз және қауіпсіз электр энергиясын жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Аталған жобаның мердігері — «Force Development» ЖШС.

Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту — тек тұрмыстық жайлылықты арттырып қана қоймай, кәсіпкерлік пен шағын бизнесті дамыту үшін де шешуші фактор. Электр қуатының тұрақтылығы ауылдағы шағын өндіріс орындарының, әлеуметтік нысандардың және кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын жандандыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде жұмыс орындарының ашылуына, салық түсімдерінің артуына және жергілікті экономиканың тұрақты дамуына жол ашады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button