Жарнама
Экономика

БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСТІ

Оның айтуынша, тек ағымдағы жылдың екі айында Кеден Одағы елдерімен тауар айналымы 49 млн. АҚШ долларына жеткен немесе былтырдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137 пайызды құраған. Соның ішінде Ресей Федерациясымен 47 млн.АҚШ доллары, Беларусь Республикасымен 2 млн. АҚШ долларына жеткен. Сауда айналымының бұл көрсеткіштері облысымыздың Кеден Одағына мүше елдермен белсенді қарым-қатынасымызды айғақтаса керек.
— Өңірімізде Ресей капиталының қатысу үлесімен 178 кәсіпорын тіркелсе, олардың дені мұнай-газ өнеркәсібінде, құрылыс саласында, жабдықтармен және қажетті механизмдермен жабдықтау, азық-түлік өнімдерінің көтерме саудасын жүзеге асырушы және тағы да басқа қызметін жалғастырып жатыр, — деген Шыңғыс Жұмабекұлы Беларусь капиталының қатысуымен бес мекеме еңбек етіп жатқанын айтты. Атырау нарығына бұл компаниялар тұрмыстық техника мен жиһаздар, көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуде.
Селекторлық кеңес барысында белгілі болғандай, Атырау облысы әкімдігі Беларусь Республикасының аймақтарымен байланысты нығайту бағытында бірқатар шаруалар атқарылды. Мәселен, өткен жылда сауда-экономикалық қатынасты жақсартуда біздің облыс делегациясы Беларусь Республикасына барып қайтты. Нәтижесінде Атырау облысының әкімдігі мен Гомель облысының атқарушы комитеті арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ресейдің шекаралас аймақтарымен ынтымақтастығы ХІ форумының Атырауда ұйымдастырылуы қарым-қатынастың одан да жақсара түсуінің айқын айғағы іспеттес.
Ресейлік және беларустық компаниялармен тығыз байланыс жасап, өңірімізде бизнесін дамытып отырған «ЭРТРИ» ЖШС директоры Олег Тасунян мен «Интеркоммерц Запад» ЖШС жетекшісі Олег Козедуб жемісті жұмыстары туралы баяндады.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button