«Қазақстанның  үздік  тауары» осындай тақырыппен Атырауда көрме өтті

ЕАС 411 Жаңалықтар

Бизнес қауымдастығы үшін көптен күткен оқиға – «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің өңірлік сайысы ұйымдастырылды.   

ЕАС 411

Байқауға қатысуға биыл кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер арасынан 22 бизнес субъектісі өтінім берді. Оның 15-і «Халыққа арналған үздік тауар» аталымы бойынша сынға түсті. Ал, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымында төрт кәсіпорын бақтарын сынады. Сондай-ақ, үш кәсіпорын «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша өзара сайысты.

Жалпы, қатысушылардың арасында жеке бизнесте табысқа жетіп үлгергендер де, жұмысын енді бастағандар да бар. Мәселен, шаруасы өрге домалағандардан «ЖігерМұнайСервис», «Өнерпаз»,  «Карат» және тағы басқа жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді атауға болады. Сондай-ақ, «Полимер Продакшн» ЖШС, «CENTECH» ЖШС және «A.B.Style» жеке кәсіпкерлігі де өз мықтылығын дәлелдеуге тырысты. «Полимер Продакшн» компаниясы қазылар алқасына биаксиалды бағыттағы және кең қолданыстағы полиэтилен пленкасын ұсынды. Көрмеге «CENTECH» ЖШС электротехникалық бұйымдарын қойса, «A.B.Style» жеке кәсіпкерлігі өзі өндіретін киім-кешектерді көпшілік назарына ұсынды.

Нәтижесінде «Үздік азық-түлік тауарлары», «Халыққа арналған үздік тауар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымдары бойынша – «Жігермұнайсервис», «Заман групп» ЖШС, «Амангелді» өндірістік кооперативі жеңімпаз деп танылды. Сөйтіп, әр аталымда таңдалған I, II  және III дәрежелі үш дипломант республикалық кезеңге жолдама алды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз