Жарнама
Экономика

Атырауда сұйытылған мұнай газының бағасы өсті

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бекітілген бұйрығына сәйкес, 1 тамыздан бастап Атырау облысының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газының шекті көтерме және бөлшек сауда бағалары өсті.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұйрыққа сәйкес сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 51 932 теңгеден 59 722 теңгеге дейін көтерілді.

Сәйкесінше, сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек саудадағы бағасы Атырау қаласы және облыс орталығынан 200 шақырымға дейінгі елді мекендердегі автогаз құю бекеттерінде литріне 77 теңгеден 85 теңгеге дейін, 200 шақырымнан алыс орналасқан елді мекендерде — 82 теңгеден 90 теңгеге дейін өсті.

-Бағаның өсуінің басты себебі – сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құнының артуына байланысты бағаны қайта қарау қажеттілігі. Қазір сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны тоннасына 70–80 мың теңге аралығында болса, бұрын белгіленген көтерме шекті баға тоннасына 51 932 теңгені құраған.

Айта кетерлігі, сұйытылған мұнай газының бағасы Қазақстанда әлі де ТМД елдерімен салыстырғанда ең төмен деңгейде қалып отыр.

Бұл шара ішкі нарықты толық қамтуды қамтамасыз етуге және газ өңдеу саласына инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған, — делінген ресми хабарламада.

2025 жылдың тамыз айына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атырау облысына 7535 тонна негізгі көлем бөлген. Қазір бұл көлем газбен жабдықтаушы мекемелер арқылы өңірге тасымалдануда.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button