ЖаңалықтарСаясатШаһар шырайыЭкономика

Ауылдарға – ауыз су

Елбасы биылғы Жолдауында ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру сапасын көтеруді жүктеп, міндеттеген болатын. Ауылда адам өмірінің сапасына әсер ететін бірден-бір фактор – ауыз су, газ, жарық және жол екені даусыз. Атырауда да таза судың талай жылдан бері «жыр» болып келе жатқан ауылдар баршылық. Солардың бірі – қала сыртындағы Сарыөзек ауылы.

20170104095031

Жақында мұнда бір жақсы жаңалықтың болатыны белгілі болды. Атырау қаласының баспасөз қызметінде хабарланғандай, қазір мұнда су құбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайын. Оны «Рауза ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жасақтаған. Су құбыры Әбілхайыр хан даңғылындағы магистралды желіден тартылмақ. Құбыр диаметрі – 315 миллиметр, ұзындығы – 3820,5 метр. Құрылысқа қажет қаражат жергілікті қазынадан бөлінбек.

Айта кетейік, аталған аумаққа су, газ және жарық желісін тарту мәселесі жергілікті атқарушы билік органдарына жүктелген. Ал, саяжай аумақтары үшін мұндай жағдай қарастырылмаған.

«Жайлылық дегеніміз – ең алдымен, тұрғын үйдің қолжетімділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолайлы елді мекеннің және сапалы инфрақұрылымның болуы» деп атап өткен болатын Президент. Осы орайда, өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі дамыту үшін биыл жергілікті маңызы бар жолдарға 150 миллиард теңгеге дейін, ауылдық  жерлерді сумен қамтуға 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлініп отыр.

Атырауда алдағы жылдың екінші жартысында жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген аумақтарға инженерлік коммуникация тарту жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Бастысы, таза ауыз су болса, адамның денсаулығына зиян келмейді. Демек, өмір сүру сапасы да артады деген сөз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button