Атырауда қант жеткілікті ме?
Атырауда қанттың жеткілікті қоры бар және ол толықтырылып отырады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Осы жылдың сәуір айынан бастап өңірге 480 тонна қант жеткізілген. Бұден бөлек, 768 тонна қантқа тапсырыс беріліп, оның 128 тоннасы жеткізілді, сауда нүктелері алып жатыр, килограмының орташа бағасы 385 теңге, деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Жұмасейітов.
Оның сөзінше, аздаған уақытқа созылған тапшылық осы азыққа деген сұранысты арттырған. Ұнға қатысты, қазір 1 сұрыпты ұн Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Көкшетау облыстарынан жеткізілуде. Қазіргі кезде көтерме баға 162 теңгені құрап отыр. «Айналма сызбасы» арқылы ұн 40 сауда нүктесінде 160 теңгеден сатылуда.
Бүгінгі күнге қосымша 1000 тонна бидай жеткізілді. 1 сұрыпты ұн бағасы әртүрлі, дегенмен шекті бағадан төмен. Шекті баға 1 кг үшін 191 теңгені құрайды, ал бөлшек баға – 1 кг үшін 180 теңге деңгейінде. Ал, Атырау қаласының супермаркеттерінде нан бағасы көтерілген жоқ.