Атырауға Сербиядан ешкілер әкелінді

20190327184959 81031 Жаңалықтар

Атырау облысындағы «Сарайшық» ЖШС-іне Сербия мемлекетінен 290 бас асыл тұқымды ешкі әкелінеді. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Еске сала кетелік, былтыр осы шаруашылықтың 660 бас асыл тұқымды ешкісі бруцеллездің құрбаны болды. Айта кетуіміз керек, бруцеллезге шалдыққан малды тапсырғаны үшін 30 % өтемақысын өкімет, ал қалған 70 %-ын мал сою орындарының қожайындары төлейді деп күтілген болатын. Алайда, бұған меншік иелері келісе қоймайды. Оның үстіне, күйлі болмаса, қабылданбайды. Ал, індетке шалдыққан малда қайдағы күй?

Міне, осы жағдайларды ескере келе, былтыр облыс әкімі Нұрлан Ноғаев 70% өтемақыны жергілікті бюджеттен төлеу жөніндегі ұсынысты ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауды тиісті орындарға тапсырып еді. Азамат Айтқалиев мырзаның айтуынша, министрлік әзірге бұл ұсынысты қолдай қоймаған көрінеді. Ал, «Сарайшық» ЖШС қоралары зарарсыздандырылғаннан кейін, Сербия мемлекетінен 290 бас ешкі әкелініп, тағы да 250-і әкелінеді деп жоспарлануда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз