Жарнама
Экономика

Заңсыз қаражат бюджетке кері қайтарылды

       Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  жыл басынан бері сегіз айда 8 айында  7 644,5 млн.теңгенің қаржы бұзушылықтарын анықтады. Оның ішінде 6 870,8 млн.теңгесі рәсімдік сипатта болса, 773,7   млн.теңгесі қаржылық бұзушылықтар болып отыр. Ал, электронды аудит нәтижесінде 189,3 млн.теңгенің заңсыз рәсімделгені белгілі болды.  

          Есепті кезеңде мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген  камералдық бақылау арқылы 10284 рәсім қамтылып, 2697 мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы сомасы 33 062,8 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды. Қорытындысында 2697 хабарлама жіберіліп,  толықтай орындалды.

        Департамент мамандары заңнама талаптарын бұзған 391 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 14,9 млн.теңгеге әкімшілік айыппұл салып, толықтай бюджетке өндірді. Ал, мұндай келеңсіздікке жол берген мекеме қызметкерлеріне жауапкершілікпен қаруға нұсқамалар жолданды.

       Сегіз ай ішінде департаментке 1483 өтініш түсіп,  уақытылы тиісті жауабы берілді. Сондай-ақ, Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында  әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету, жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша есептеріне талдау жүргізу жұмыстары жүргізілді.
          Ал, Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі арқылы 5 аудиторлық іс-шара өткізіліп, нәтижесінде, жалпы сомасы  5,5 млн.теңгенің  қаржылық бұзушылықтары анықталып, оның 1 млн.теңгесі қалпына келтіріліп,  бюджетке қайтарылды. Бір лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Департамент Ішкі аудит қызметімен жүргізілген 1 аудиторлық іс-шаралар нәтижесімен 1 лауазымды тұлғага 172,5 мың теңгенің айыппұлы салынып, толықтай бюджетке өндірілді.

Мәулен МҮТИЕВ,

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік

аудит департаментінің басшысы

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button