СарапTIME: Карантинде Атырауда не жасалды?

lodododododo Шаһар шырайы

Карантин кезінде Атырауда жүзеге асқан жұмыстар қандай? Дағдарысқа қарсы алынып жатқан шаралар нәтижелі болды ма? Осы мәселелерге назар аударып, сараптағанды жөн көрдік.

Құрылыс жұмыстары қарқынды

Қауіпті індетті жұқтырушылар көбірек тіркелгенімен, Атырауда құрылыс индустриясындағы жұмысқа кедергі келген жоқ. Былтыр бұл салада атқарылған жұмыстың көлемі 692 млрд. теңгені құрады. Осы кезеңде 615 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңадан бой көтерген коммуналдық тұрғын үй қорынан 489 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. 412 отбасы жаңа баспанаға көшірілді. – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақтөбе–Атырау–Ресей шекарасы» жолын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Қазір «Мақат-Қандыағаш» (330-458 шақырым) және «Атырау-Ресей шекарасы» (648-893 шақырым) бағытындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. «Атырау–Ресей шекарасы» жолын қайта жаңғыртуға 6 мердігер мекеме жұмыс істеуде. Жол жөндеу жұмыстарына 1100 жұмысшы тартылды. Оның ішінде 300 адам – жергілікті жерден, – деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, 5204 орынға арналған 10 мектептің құрылысы салынып жатыр. Апатты мектептердің орны-на жаңа білім ордалары бой көтерді. Өткен жылы 5 нысан пайдалануға берілді. Құрылысы басталған 15 балабақшаның тоғызы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қолға алынды.

Агрокешенге – айрықша назар

Өңірде мұнай-газ өнеркәсібімен қатар, ауыл шаруашылығын өркендетуге де бетбұрыс байқалады. Соңғы бес жылда климаты қаталдау өңірдің агросекторында 19 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба 689 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берді. – Атырауда егістік көлемі 9300 гектарды құрап, арғы жыл-мен салыстырғанда 4,5 пайызға, одан алынған өнім 6 пайызға өсті.

Тұтастай алғанда, облыстың ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 10 айда 73 млрд. теңгені құрады. Әсіресе, «Алмалы құс», «Атырау-Бөдене», «Агро Феликс», «Каспий Лана» сынды кәсіпорындар саланы еңселендіруге үлес қосып отыр. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласына бюджеттен 3,2 млрд. теңге бөлінген болатын Ал, «Еңбек» бағдарламасы арқылы 1,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, 283 субъектіге несие беріліп, 118 жұмыс орны ашылды, – деді өңір жетекшісі. Шаруа қожалықтары жаңа технологияны қолдана бастады.

Қазір алыстағы жайылым учаскелерінде орналасқан 327 шаруашылық күннен қуат алатын панель мен су айдау сорғыларын инвестициялық субсидиялау арқылы сатып алды. Аудан орталығынан 100-200 шақырым қашықтағы шаруашылықтар жел генераторы мен күн панельдерінің көмегімен электр қуатын пайдаланып отыр. Алдағы уақытта тағы 7 жоба іске қосылып, 459 адам жұмыспен қамтылады. Жалпы құны 3,2 млрд. теңге инвестиция құйылатын жобалар қатарында құс етін өндіру, жеміс ағашын өсіру, ірі қараны бордақылау, асыл тұқымды ірі қара өсіру, жылыжай бар. Қазір облыста асыл тұқымды мал өсіретін 33 шаруашылық түлік түрін көбейтуге ден қойды.

Сондай-ақ, «Атырауда жасалған» брендімен шығарылатын балық өнімдері шет елдерге таныла бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балық шаруашылығы саласына үлкен қолдау көрсетілуде. Қазір об-лыста 18 өндірістік кәсіпорын балық аулаумен, оны өңдеумен айналысады. Өткен жылдың он айында 7300 тонна балық аулан-ды. Өңделген балық өнімдерінің 81 пайызы шетелдерге экспорт-талды.

Кәсіпкерлікке – кең өріс

Өткен жылы «Бизнесті қолдау картасы» аясында Атырауда 8 жобаны іске қосу жоспарланған болатын. Жалпы құны 15,8 млрд. теңгеге бағаланған жобалар 660 жұмыс орнын құруға ықпал ет-пек. Қазірдің өзінде «BEST MODULE» ЖШС-нің металл өңдеу зауыты іске қосылып, 40 жұмыс орны ашылды. «MEKEN CHICKEN» ЖШС-нің бройлер өсіру фабрикасына 40 адам-ды жұмысқа тарту көзделіпті. Металл конструкциясын өндіру цехы («Caspian Constractors Trust Atyrau», ашылатын жұмыс орнының саны – 30), Кеңейтілген полипропиленді қап өндірісі за-уыты («Касхим» ЖШС, ашы-латын жұмыс орны – 350), Бройлер балапанын бордақылау құс фабрикасының құрылысы («Бұйырғын» ӘКК, жұмыс орны саны – 40), инфуздық ерітінділерді құюға арналған өндіріс («Медстарэкспорт» ЖШС, жұмыс орны – 50), ас тұзын өндіру зауыты («Inder Tuz Company» ЖШС, жұмыс орны – 30) іске қосылуда.

Соңғы 8 жылда ауыл кәсіпкерлеріне кең өріс ашу мақсатындағы «Бизнес аймақ» өңірлік бағдарламасына бюд-жеттен 3 млрд. теңге бөлінді. Аталған бағдарлама бойынша 513 жоба қаржыландырылып, 705 жаңа жұмыс орны ашыл-ды. Қазір өңірде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 50 мыңнан асып, 127 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Қауіпті індеттің тіркелуіне бай-ланысты 20 мың салық төлеушіге 6 млрд. теңге көлемінде жеңілдік берілді. Ал, мемлекеттік нысан-дарда орналасқан 204 шағын және орта бизнес өкілі жалға алу төлемінен босатылды.

Азық-түлік бағасы – бақылауда

Атырауда тұрақтандыру қорындағы көкөністер ар-зан бағамен сатыла бастады. Бұл да дағдарысқа қарсы іс-шаралардың бірі.

  • – Жергілікті «Агрофеликс» шаруа қожалығымен ара-да жасалған келісім-шартқа сәйкес, тұрақтандыру қорының қоймасында 361 тонна кар-топ, 79 тонна пияз, 49 тонна сәбіз, 114 тонна орамжапырақ алынды. Бұл өнімдер «Насиха», «Көктем», «Сарайшық» базар-лары арқылы тұтынушыларға ұсынылып отыр, – деді «Атырау» ӘКК» АҚ мемлекеттік жоба-ларды іске асыру департаменті директорының міндетін атқарушы Гүлмира Меңдалиева.

Оның айтуынша, былтырғы мамырда «Идеал Маркет» ЖШС-мен 400 миллион теңгеге келісімшарт жасалған. Келісімге сәйкес, аталған серіктестіктің 36 супермаркет желісі арқылы 15 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатылады. Мұндай азық-түліктің құрамына бірінші сұрыпты бидай ұны, нан, мака-рон өнімдері, қарақұмық, күріш, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, сары май, бірінші санатты тауық жұмыртқасы, ас тұзы, майлылығы 5-9 пайыздық ірімшік пен көкөністің бірнеше түрі енгізілген.

Қазір сауда орталықтарында картоптың келісі 94 теңгеден, пияз – 81, сәбіз – 91, орамжапырақ 92 теңгеден сатылып жатыр. Облыс әкімдігі бекіткен тауарлар нарықтан құнынан 10-15 пайызға арзан бағамен ұсынылады.

Atr.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз