Әкімшілік кедергі – кәсіпкерлікке тосқауыл
«Мемлекет маған не береді?» деп қарап отырмай, әр азамат жаңадан кәсіп ашып, ел экономикасына өз үлесін қосуы керек дейміз. Алайда, бизнесін бастамай жатып, әкімшілік кедергілерге сүрініп жатқан жас кәсіпкерлер де жоқ емес. Мәселені қалай шешуге болады? Оның жауабын облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВ заң шеңберінде айтып берді. — «Әкімшілік кедергілерге не жатады? — Биыл жаңа Кәсіпкерлік кодексі қолданысқа енгізіліп, «Бизнес-омбудсмен» институты құрылды. Егер бизнесмендерге заңсыз тосқауыл қойыл-ған болса, оны әкімшілік кедергі дегеннен гөрі, жемқорлық фактісі ретінде қарастырған жөн болар. Өткен жылы осындай себептен екі мыңнан астам арыз тіркелген болса, биыл ол он есе азайды. Былтыр арнайы тексеріс жүргізіліп, нәтижесін-де анықталған заңсыз алпыс кедергінің жартысы аймақтық деңгейдегі әкімшілік кедергілерден туындаған екен. Ол қандай кедергілер? Қарапайым мысал, күнделікті көріп жүргеніміздей, бір ай ішінде қаралуы тиіс кәсіпкер шағымы екі жыл қозғаусыз жатады. Екіншіден, хат арқылы қойылған сауалға нақты жауап берілмейді.
Толығырақ газетімізден оқи аласыздар.