«ТЕҢГЕ БАҒАМЫН НАРЫҚ АНЫҚТАЙДЫ»

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан САҒЫНТАЕВ:

«Біз автоөндірушілерімізді қолдаудамыз. Автокөлік сатып алуға несие бергеніміз белгілі. Жеңіл автокөлікке 15 млрд. теңге, 5 пайызы – жүк және жолаушылар көлігіне бөлінді. Біз тағы да қолдау көрсетуді шешіп, автонесиелендіруге қосымша 10 млрд. теңге бөліп отырмыз. Осы бағдарламаның арқасында елде шығарылған автокөліктің 40 пайызы қолдауға ие болады».

 

ҚР  Қаржы  министрі Бақыт  СҰЛТАНОВ:

«Қазақстандағы барша әлеуметтік міндеттемелер қалыпты тәртіпте қаржыландырылуда. Бюджеттің атқарылуы бағытына тоқталатын болсақ, бүгінгі барлық әлеуметтік төлемдерді, бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру жұмысы тұрақты және жылдың аяғына дейін тұрақты болатынына ешқандай күмән жоқ. Өйткені, біз бұл бағытта тиісті қадамдарды уақытылы жасап, барлық тиімсіз шығыстарды бюджеттен алып тастадық. Бүгінде республикалық бюджетте игерілмей қалған бюджеттік бағдарламалардың көлемі былтырғы жылға қарағанда екі есе төмен.

 

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ:

«Теңгенің дәл қазіргі орташа биржалық бағамы – 255,8 теңге. Біз атап өткендей, теңге еркін айырбас бағамында жоғары және төмен ауытқып, өзінің күнделікті теңгерімді бағамын айқындайды. Маған жеткен ақпараттарға сәйкес, қазіргі сәттегі көлем 81 млн. долларды құрайды және орта биржалық бағамы – 255,8 теңге.

…Бізде валюталық режимнің бір кезеңінен екіншісіне өту аясында барлығын біліп қояды. Мұны «ақпараттың жайылып кетуі» деп айтады. Осының арқасында бұрынғы инфрақұрылымның агенттері пайда табуға тырысады. Айырбастау пункттерінің осындай іс-қимылы өрескел әрекет. Олардың тәулік ішінде сатып алу-сату бағамын ауыстыруға құқығы жоқ. Біз осы жайында арнайы шешім қабылдадық. Кеше заң бұзушылыққа жол бергендерді анықтадық және осындай әрекеттер жазасыз қалмайды».

 

ҚР  Ұлттық  экономика  министрі

Ерболат  ДОСАЕВ:

«Қазақстанда сауықтыру бағытында ең алдыңғы қатарлы модельге көшу жоспарлануда, яғни, бұл әдіс АҚШ үлгісінде болады. Онда кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі жарияланғаннан кейін, оны оңалту мен сауықтыру тұрғысында жоспарларды құрудың шаралары қабылданады. Кредиторлар жиналған кезде, кәсіпорынның өміршеңдігін сақтау үшін мүмкіндік беріледі. Бүгінде бізде активтерді тарату мен сату ниетіміз бар. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл бизнес үшін өте маңызды. Біз 180 градусқа бұрылып, бизнестің қауқарлы болуы үшін мүмкіндік беріп отырмыз».

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз