Жарнама
Қоғам

Кез келген технология адам игілігіне қызмет етуі керек

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әдеп нормалары мен технологиялық прогрестің арақатынасы жайлы айтқан ойлары қазіргі заманның аса маңызды мәселесін көтерді.

a1dfbae2 e286 48b7 b6f2 652ad9088a6b

Бүгінде жасанды интеллект, үлкен деректер, биоинженерия сияқты инновациялар адамзат өмірінің барлық саласына дендеп еніп, бұрын-соңды болмаған қарқынмен өркендеп келеді. Алайда моральдық құндылықтар мен құқықтық нормалар осы өзгерістерге бейімделіп үлгере алмай жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Бұл – тек Қазақстан үшін емес, бүкіл әлем үшін ортақ сын-қатер.

Президенттің таңдау еркіндігін қорғау, жеке өмірге қол сұқпаушылық, цифрлық теңдікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік сияқты түйткілдерге назар аудартуы – дер кезінде айтылған ескерту. Өйткені технология адамдарға қызмет етуі тиіс, керісінше емес.

Осы тұрғыдан алғанда, дін көшбасшыларының да рөлі ерекше. Олар адамзаттың рухани құндылықтарын сақтаушы ретінде ғалымдармен, инженерлермен, саясаткерлермен бірлесе отырып, жаңа дәуірдің даму бағытын анықтауға атсалысуы қажет.

Қазақстанның бастамасымен өтіп отырған мұндай съездер – тек діни келісімнің емес, сондай-ақ рухани дипломатия мен технология дәуіріндегі адамгершілік бағдардың да алаңы. Бұл – еліміздің бейбітшілік пен татулықты дәріптеудегі жаһандық миссиясының айқын көрінісі.

Эльдар АХМЕДОВ,

“Новруз” азербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button