Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Өткен тәулікте Атырауда 59 адамнан коронавирус анықталды

23 желтоқсан күнгі мәлімет бойынша, өткен тәулікте Атырау облысында  83  адам коронавирустан емделіп шықты, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


   Қазіргі уақытта 220  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  102 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 18,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 400  адам ем қабылдауда.


Соңғы мәліметке сәйкес, Атырау облысында өткен тәулікте 59 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды
   Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі  Атырау қаласынан тіркелген. Теңіз кенішінен 31 жұмысшыдан,  Жылыой-4, Қызылқоға -3, Индер -4, Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.

Айта кетейік, облыс бойынша жасақталған 1225 орындық инфекциялық стационардың 520-ында науқастар ем алуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button