Жалған айту кімге керек?

жалған айту Жаңалықтар

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Тарих. Ақиқат немесе миф» тақырыбымен қоғамдық пікірсайыс өтті.  Мемлекеттік органдар қызметкерлері, тарихшылар, қоғам белсенділері қатысқан шарада тарихи фактілерді бұрмалау жайы кеңінен сөз болды.

жалған айту

Атырау мұнай және газ университетінің «Мирас» өлкетану музейінің жетекшісі Вячеслав Афанасьев жалған, толыққанды зерттелмеген дерек қоғамға, әсіресе, жастарға кері әсер ететінін айтып, тарихты бұрмалау қазіргі заманғы ақпараттық соғыстың басты көзі болып табылатынын жеткізді.

– Тарихты зерттеу туған өлкені зерттеуден басталады. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы тарихын бұрмалау өскелең ұрпаққа үлкен зиян әкеледі. Бағдарламалық басылымдарда фашизмді жеңудегі кеңес халқының шешуші рөлі бұлыңғыр көрсетілген. Кеңес-герман майданы да қамтылмаған. Бірақ, АҚШ-тағы, Еуропадағы өзге іс-шаралар толық    келтірілген.

Жалған тарихшылар 9 мамыр – Жеңіс күні туралы мәселе қозғалғанда, бұл күнді жоқтау күні ретінде көрсетуді ұсынады.

Коммерциялық табыс үшін фильмдерде соғыс туралы фактілерді бұрмалап көрсетеді, – деді В.Афанасьев.

Біз тарихты, соның ішінде Ұлы Отан соғысының тарихын бұрмалауға жол бере алмаймыз. Отан үшін жанын құрбан еткен батырлардың есімін естен шығармауымыз керек. Өйткені, Ұлы Отан соғысындағы жеңіс  ХХ ғасырдың тарихындағы ең айтулы шара десек, артық айтқандық емес. Сондықтан, сұрапыл соғыстағы Кеңес халқының ерлігін есте сақтап және ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыруымыз қажет.

Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ,

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы

Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз