Атыраудағы Сырым Датов көшесінің бір бөлігі қолданысқа беріледі

zholll Жаңалықтар

Атырау қаласындағы  Сырым Датов көшесінің бір бөлігі қолданысқа тамыз айында беріледі. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сырым Датов көшесі қайта жаңғырту мақсатында шілде айында жабылды. Төрт жолақты жолдың жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайды. Аталған көшенің Баймұханов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығы 1 тамызда ашылады. Қазіргі таңда 1,85 шақырымы аяқталды», – делінген хабарламада.

Күні бүгінгі дейін Қабанбай батыр көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралық жасалып, қолданысқа берілген болатын.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз