Отанды сүю істен көрінеді

Форум Жаңалықтар

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  қала әкімдігінің қолдауымен  және «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен патриоттар форумы өтті.

%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc

Егемендіктің мән-маңызы насихатталған тағылымды жиынға аймақ дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген түрлі саланың үздіктері мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қа-тысты.

Салтанатты шараны қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи ашты.

– Патриоттық сезім кез  келген жастың санасына кішкентай кезден, өскен ортадан бастап оянады. Сол арқылы адамның еліне, жеріне деген отансүйгіштігі қалыптасады. Бүгінгі патриоттар форумына келген әрқайсыңыз сол патриоттық сезімдеріңізді дәлелдеп отырсыздар деп сенемін. Біздің өңірдегі мүмкіндігі шектеулі, жоқ-жітік  жандарға көмектесіп жүрген қазіргі заманның батырлары арамызда көп деді, – қала әкімінің орынбасары Мейірім Жоламанұлы.

Форум барысында Атырау қаласы әкімінің орынбасары елі мен жеріне деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай еңбек етіп жүрген, ой – өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты патриоттары деп танылған Атырау қаласының сегіз азаматын марапаттады. Олардың қатарында төмендегілер болды:

Талғат Ильясов – Атырау мұнай  және газ университеті жанындағы «Каспий батырлары» тарихи патриоттық орталығының жетекшісі. Атырау қаласының жастарына патриотизмді насихаттау мақсатында Ұлы Отан соғысы ардагерлері тарихын зерттеуші, ізденуші. 2014 жылдан бері Атырау жастарынан құрылған  үлкен экспедицияның  бастамашысы, Қырымдағы Керчь қаласы және Брест қамалына саяхат жасаған.

Арман Қасымов – жедел  жәрдем қызметінің волонтері. Шетелдік дипломы бола тұра еңбек жолын қарапайым жедел  жәрдем көлігінің санитар волонтері болып  жұмыс істеуден  бастаған. Бес жыл бойына ол осы салада тегін қызмет көрсетті. Нәтижесінде 300 адам еріктіге айналды.

Тыныш Жақупова – мүм-кіндігі шектеулі жастарды өнерге  тарту мақсатында «Өмір гүлі» атты ансамбль құрып, ондаған жас өнерпаздарды өнерге тегін баулуда. Аталған ансамбль облыс, республика көлемінде ұйымдастырылған сайыстар жеңімпазы.

Олег Шмаль – «Wheels Brothers» мотоклубының перзиденті. Жастардың және қоғамдық акциялардың ұйымдастырушысы. Жолдағы қауіпсіздік туралы акциялар, мотослеттар, спорттық шаралар ұйымдастырушысы. Өз қаражатына балалар үйінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, қалалық, облыстық шараларға белсене қатысты. Оның жетекшілігімен мотоклуб  республикалық «Менің елім – автомото» жарыс акциясын ұйымдастырып келеді.

Әйгерім Досқалиева – «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының жетекшісі. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, тұрмыс жағдайы нашар адам- дарға, қарттар мен мүгедектерге, жетім балалар мен көмекке зәру оқушыларға қол ұшын созып, оларға жан-жақты қолдау көрсетуде. Екі жүздің үстінде еріктілері бар топ, үш жыл ішінде қайырымдылыққа 25 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсаған.

Ерлан Күмісқалиев – мүм-кіндігі шектеулі жандарға арналған «Маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. Аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды  емдеу тәжірибесін белсенді түрде енгізуші.

Еділ Берденов – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқару бөлімшесінің құтқарушысы. 2016 жылы төтенше жағдай ке-зінде жедел әрекет етіп, суға кете жаздаған үш баланың өмірін құтқарған.

Руслан Мұсағалиев – Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Атырау қаласы №1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.  2012 жылдан бері қаламызда орын алған ірі өрт оқиғаларында қайсарлық танытып, өрт сөндіру кезінде көптеген қала тұрғындарының өмірін ажалдан құтқарып қалған.

Сонымен қатар, форум кезінде Мейірім Қалауи Атырау қаласы әкімі атынан жас болса да өз істеріне аса жауапкершілік танытып, қаламызда ұйымдастырылып жатқан жастар арасындағы барлық мәдени шаралардың жоғары деңгейінде өткізілуіне үлес қосатын, әрдайым қазақ тарихын насихаттап жүрген  бір топ белсенді жастарды марапаттады.

Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыру бөлімінің мамандары Әзиза Ермекова мен Әзиза Бе-рікқызы және Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеу экспедициясында аса белсенділік танытып, жастар арасында насихаттап жүретін  Қуаныш Юсупов мен Юрий Полыниндерге үлкен алғыс білдірді.

Ұлтжандылық пен отансүй-гіштік қасиет дәріптелген форумда Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Абат Кенжеғалиев  сөз алып, өнегелі әңгіме өрбітті.

Форум соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз