
COVID-19: Соңғы поштадан...
Коронавирус: «Сары» аймақта 6 өңір тұр, қалған облыстар — «жасылда»
7 желтоқсандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Жасыл» аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.