COVID-19: Атырауда тағы 23 адам тіркелді

9cd3b7ba44e3bbfeb7f790fb48f12e96 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/30 маусым, 2020 жыл. Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 23 адам тіркелді (29.06.2020 жылғы мәлімет бойынша).

COVID-19 жұқтырған 21 жағдай  Атырау қаласынан тіркелді.Олардың 12-сі   ер,  5 -еуі әйел адам. Олардың бірқатары  ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты  медициналық көмекке жүгінсе , кейбірінен  скринингтен өту барысында анықталды.
Сондай-ақ 2 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді. Олар  инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
                                                 
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

29.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1640 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны – 1376.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз