Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

«Қызыл аймақта»: Атырауда өткен тәулікте 75 адам коронавирус жұқтырды

«Атырау қаласында вирус жұқтырғандар саны артуда» деп хабарлайды Atr.kz

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 75 адам анықталды, оның ішінде 48 адам Атырау қаласының тұрғындары. Теңіз кенішінен 22 адамнан індет расталып отыр.

«Қауіпті инфекцияның Жылыой ауданында 1 дерегі, Махамбет ауданында 3 дерегі және Мақат ауданында 1 дерегі анықталды. Қазіргі таңда 31 науқаста инфекция симптомды түрде өтуде.

Сонымен бірге, өткен тәулікте 65 атыраулық коронавирустан жазылып шықты» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button