Мектептерде екінші тоқсанда қашықтықтан оқытудың жалғасатын-жалғаспайтындығы белгілі болды

0 27 COVID-19: Соңғы поштадан...

Денсаулық сақтау министрлігінің білім беру форматына қатысты ұсыныстары өзгерген жоқ.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

«Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстары өзгерген жоқ, яғни, білім беру онлайн-режимде жүргізіледі. Офлайн-режим тек 1-4 сыныптар мен 180 балаға дейінгі шағын мектептер үшін ғана сақталып отыр», – деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, оқу жылының басында білім беру форматына қатысты қызу пікірталастар болған. Қазіргі статистика қашықтан оқытудың тиімділігін көрсетіп отыр. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз