COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда бір тәулікте коронавирустан 5 адам көз жұмды, 93 науқас жан сақтау бөлімінде
«Реанимация бөлімшелерінде жатқан 12 адам өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған» деп хабарлайды Atr. kz
Облыста бір тәулікте 562 адам Covid-19 жұқтырған.
Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша,
Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 356 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 97 науқас анықталды.
Жылыой ауданында 51 науқас, Индер ауданында — 18, Исатайда — 5, Қызылқоға ауданында — 21, Мақат ауданында — 11, Махамбет ауданында — 3 адамның вирус жұқтырғаны расталды.
Қазіргі таңда 1 818 науқас инфекциялық стационарларда ем алуда.