«Қызыл» аймақ: құрбандық қалай шалынады?

whatsapp image 2021 07 15 at 13.08.48 Жаңалықтар

Еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл» аймақта қалып отырған тұрғындардың құрбандық шалуы турасында пәтуа берілді.

Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Бас Мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ресми мәлімдеме жасады.

  • 2020 жылғы тәжірибені ескере отырып, адамдардың құрбан шалу міндетін орындау мақсатында және аз қамтылған жандарға көмек көрсету үшін, құрбандық шалу былтырғы тәжірибеге сүйене отырып, исламдағы өкілдік қағидасымен онлайн түрде жүзеге асырылады. Ол үшін «қызыл» аймақта орналасқан өңір тұрғындары qurban2021.kz сайтына тіркеліп, құрбандық малын союға немесе құрбандық малын алуға тапсырыс қалдыра алады, деді – Бас Мүфти.

Құрбандық малын шалуға немесе етін алуға тапсырыстар мен өтініштерді қабылдау 17 шілдеден басталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз