Атырауда екі жасар қыз терезеден құлап кетті

200619114904415e Жаңалықтар

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі жасар қыз терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ақкөл ауылында 18 маусым күні түнге жуық болған.

«Ақкөл ауылының Иманов көшесінде орналасқан 2 қабатты үйдің терезесінен 2 жасар қыз құлап кетті. Балақай жабық бас-сүйек жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды» -деді ведомстводан.

Атырау облысында жыл басынан бері осындай 4 оқиға тіркелген. Бұдан бұрын Атырауда екі жасар бала 5-қабаттан құлап кеткенін жазған едік.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз