Атырауда азаматтар мен көлік қозғалысына шектеу қойылды (+ФОТО)

whatsapp image 2020 06 19 at 11.32.08 2 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/22 маусым, 2020 жыл. 18 маусымнан бастап Атырау облысында  көлік қозғалыстарына шектеу қойылды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, Атырау қаласы бағдарларының жүру кестесі өзгерді.  Шұғыл қызмет пен стратегиялық нысан қызметкерлерін қоспағанда,  тұрғындар мен көліктердің қозғалысына кешкі сағат  23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынған. Ал, қаладағы қоғамдық көліктердің барлығы  кешеден бастап, таңғы сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін шектеулі режим  шеңберінде жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тұрғындар арасында енгізілген шектеу шараларын сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.  Азаматтар  мен автокөлік қозғалысы бақылауға алынған. Шектеу шаралары орындалмаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  сот шешімімен ірі көлемде айыппұл салынатын болады.

whatsapp image 2020 06 19 at 11.32.07
whatsapp image 2020 06 19 at 11.32.08 1
whatsapp image 2020 06 19 at 11.32.08
whatsapp image 2020 06 19 at 11.32.09 1
whatsapp image 2020 06 19 at 11.32.09

Айта кетейік, Атырау облысында  17 маусым сағат 23:00-ден бастап  облыстық Бас  мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, шектеу шаралары күшейтілген болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз