"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!
Индердің тасы игерусіз жатыр
Еліміздің кейбір қалаларына қарағанда біздің Атырау – көрікті, сәулетті қала. «Кемшілік ханның қызында да болады» демекші, көңілге кірбің түсіретін жерлері де жоқ емес, әрине. Соның бірі – жаяу жүргінші жолы.
Кезінде қызмет бабымен, болмаса демалысқа барғанда көргенімдей, көрші Ресейдің қалаларында жаяу жүргінші жолына ерекше көңіл бөлінеді. Өзіміздің Индер ауданындағы ақ тастарды неге осындай қажеттіліктерге пайдаланбасқа?! Сол тастармен қаланың кез келген алаңын, әрбір шағын ауданның көше араларын әсемдеуге болады, тек соған ниет керек. Бұл, бір есептен, өз өніміміз, екіншіден, арзанға түседі.
Осыны қала басшылығы ойластырып, кәдеге асырса деген ойым бар.
Темірхан ЖҮНІСОВ,
тыл ардагері.