Апат айтып келмейді

Screenshot 4 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Біздер, Қызылқоға ауданының Мұқыр селосында тұрамыз. Облыстық «Атырау» газетіне Б.Айтмағанбетов көшесінің тұрғындары атынан электр бағанының құлағалы тұрғаны туралы хат жазған болатынбыз. Соның негізінде 2017 жылы «Атырау» газетінің №41, 30 мамырдағы санында «Электр бағанының құлауын күте ме?!» деген тақырыппен мақала жарияланды.

Screenshot_4

Осы мақалаға орай «Атырау Жарық» АҚ президенті С.Кенжалиевтен мынадай жауап алдық. «Электр желісі бағаналары «Атырау Жарық» АҚ-ның баланс меншігіне жатпауына байланысты біздің акционерлік қоғам оны күтіп ұстау және қайта құру жауапкершілігінен босатылады».

Сонда қарапайым халық адам өміріне қауіпті электр желісі бағанасына не істей алады? Осы мәселенің шешімін таппай келе жатқанына тура 1 жыл өтті. Оған қозғау салатын жергілікті округ әкімшілігі де тым-тырыс. Қазір ауа райында қатты жел болып жатқаны белгілі. Міне, осындайдан электр бағаны үй үстіне құлауы не болмаса электр сымы үй үстіне үзіліп түсуі мүмкін. Бұл жағдай болса адам өміріне өте қауіпті.

Құлағалы тұрған бағананың фото суреті де газетке жарияланған болатын. Апатты жағдай болса, оған жауап берер ешкім жоқ. Облыстағы белді мекеме басшылары газет бетінде жарияланған сыни мақалаларға атүсті жауап беруі хат иесінің орынды ренішін тудырады. Болған оқиғаға жауапты адамдардың өз басын алып қашуы дағдыға айналған.

Оны «Атырау» газетінің №42 (25 мамыр, 2018 ж.) санындағы жарияланған «Жарамсыз лифтіге жауапты кім?» атты мақаладан көруге болады. «Алмагүл» ықшам ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде болған апаттан адам өлімі болғаны белгілі.

Осындай жарияланған сыни мақалаларға жауапты адамдар жауапкершіліктен қашпай  нақтылы іспен жауап берсе екен деймін.

 

Батыр Мақымов,

Б.Айтмағанбетов  атындағы көше тұрғыны.

Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз