Құрманғазыда қарымды қаламгер Рахмет Иманғалиевке арналған ескерткіш тақта ашылды

b50c0f81 4230 44f8 8792 2a1346725e4a Жаңалықтар

Құрманғазы ауданында танымал қаламгер, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Құрманғазы және Исатай аудандарының Құрметті азаматы Рахмет Иманғалиевке арналып, Б.Ахметқалиев көшесінің өзі тұрған үйінен ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды atr.kz Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау» газетінің биылғы ғасырлық тойы аясында өткізілген салтанатты шараға келген қаламгердің байырғы ұжымдастары, журналистика ардагерлері сөз алып, Р.Иманғалиевтің қаламгерлік қарымына, қадір-қасиетіне тоқталып, естеліктерімен бөлісті.

9d011928 c2e3 4cca 8abf 14fe3b9091a9

Олардың қатарында «Атырау-Ақпарат» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Нұрлан Қабылов пен «Atyraý» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі  Назарбек Қосшиев те бар.  

– Қай өңір болса да, өз өлкесінің тұлғаларын құрметтеп, оның ұлық болмысын халқына үлгі етері хақ. Осы тұрғыда Құрманғазы мен Исатай өңірі ерекше қадір тұтар тұлғалардың бірі – Рахмет ағамыз. Журналистикада  өзіндік орны бар ағамыз туған жердің тарихын зерделеп, зерттеумен де өлкеге танылған.

b5efe0a4 47fe 41c0 aaea 888d95f3ad50

Тақтаны ашудағы мақсат  – қаламгердің  қоғам үшін жасаған еңбегін жас буынға үлгі ету, шығармашылығын насихаттау. 

Рахмет ағамыздың шоқтығы биік туындылары мен құрметті есімі көптің жүрегінде сақталады,- деді аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов. 

Р.Иманғалиев журналистикамен қатар, тарихшы, өлкетанушы да болған. Ол туған жердің тарихын зерделеп, жер-су аттарының қалай шыққанын іздеумен айналысқан. Облыстық «Атырау» газетінің меншікті тілшісі болып, Еділ мен Жайықтың арасын 40 жылға жуық уақыт шарлаған, отызға жуық кітаптың, драмалық шығармалардың авторы.  

e89ad3b9 6e3a 4476 84f7 790a8c077e3d

Бүгінде Рахмет Иманғалиевтен өрбіген 11 ұл-қызынан тараған 14 немере, 18 жиен, 45 жиеншары үлкен әулет болып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз