«АТЫРАУ»  ГАЗЕТІНІҢ ҒАСЫРЛЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА КӨРМЕ АШЫЛДЫ 

img 9986 "ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

«Атырау»  газетінің ғасырлық мерейтойына орай «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің медиа-музейінде арнайы көрме ашылды.

Ашылу салтанатында сөз алған аталған медиахолдинг директоры Жасын Біркенов жиналғандарға «қош келдіңіз» айтып, «Атырау» газетінің реадкция ұжымын мерейтоймен  құттықтады. 

«Бүгінгі үлкен тойымызға Алматы, Астана, Қызылорда, Маңғыстау және басқа да алыс өңірлерден ат терлетіп келген қонақтарымыз бар. Оларға зор ризашылығымды білдіремін. Осы өңір үшін терін төккен, көзінің майын тауысып, қажыр-қайратын жұмсаған адамдардың  тыныс-тіршілігі – осы көрмеде. Бұл – 100 жылдық тарихы бар бір ғана «Атырау» газетінің ғана емес, бүкіл облыстың шежіресі» деді Ж.Ерсінұлы. 

img 9987

Мұнда жүздеген жәдігер – алғыс хаттар, танымал тұлғалардың қолжазбалары, ардагер журналистердің фотосуреттері мен құралдары көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, екі облыстық және жеті аудандық газеттің шежіресінен сыр шертер бұйымдар да орын тапқан. Жиналғандарға олардың қысқаша сипаттамасы баяндалды.

img 9988

Ал, жиналғандардың ішінен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов сөз алып, ізгі лебізін білдірді. Сондай-ақ, ол «атыраулық» әріптестерімізге «Облыс алдындағы еңбегі үшін» медалін табыс етті. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ 

Фото: автор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз