КАРАНТИН: Теңіздегі қызметкерлердің жайы қалай?

Аtr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Атыраудағы арнайы штабтың хабарлауынша, Теңіз вахталық қалашығындағы «Ватернас» мекемесінің жатақханасында екі апталық карантин режимі енгізілген. «Кентек» компаниясының 200 шақты қызметкері барлық сауалдарына басшылық тарапынан толықтай жауап алғанын айтады «Аспан Кашаган» ЖШС-нің жоба менеджері Әсем Ахметова.     Медициналық маскалар да, қорғану құралдары да жеткілікті. Вахталық ауылда екі дәрігер мен фельдшер және санитарлық дәрігер […]

Continue Reading

СҮЙІНШІ! Атырауда екі адам коронавирустан жазылып шықты

Аtr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Коронавирусты жеңіп шыққан атыраулықтардың бірі 14 жастағы жасөспірім қыз. Екіншісі 19 жастағы ер бала. “Науқастардың екеуі 27 наурыз күні инфекциондық ауруханаға жатқызылып, сол күннен бері ем қабылдап келген болатын. Олар Атырауда коронавирус жұқтырған алғашқы науқастардың қатарынан” делінген Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Атырау облыстық штабының жедел ақпаратында. Еске сала кетелік, Қазақстан […]

Continue Reading

КАРАНТИН: Атырауда қоғамдық маршруттардың жүру уақыты өзгерді

Аtr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. “Карантин режимін және маршруттардағы жолаушылар ағыны азайғанын ескере отырып, қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын өзгерту туралы шешім қабылданды” деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметі. ⠀✔11 сәуірден бастап демалыс күндері маршруттар сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін (сенбі, жексенбі) жұмыс істейді.⠀Жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) төмендегідей интервалмен жүреді.⠀🔹️07:00-09:00,⠀🔹️12:00-14:00,⠀🔹️17:00-19:00.

Continue Reading

КАРАНТИН: Димаш Құдайберген не үшін сақал өсіріп жатқанын айтты

Аtr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген коронавирусқа байланысты карантин кезінде қаншалықты “өзгергенін” көрсетті.   Димаш Instagram-да жариялаған фотодан оның сақал өсіргенін байқауға болады. “Карантин-стайл. Уайымдамаңыздар, бұл уақытша”, – деп жазды әнші. Димаштың жазбасына әріптестері пікір білдірді. Оның ішінде әнші Анита Цой да бар. “О! Сақалды жігіт”, – деп жазды ол. Нұржан Керменбаев Димаштың […]

Continue Reading

Атырауда көлікті мас күйде жүргізген әйелге 371 140 теңге айыппұл салынды

Аtr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 8-бөлігі және 476-бабының 6-тармағымен азаматша А.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, оның көлік құралын басқару құқығы болмаған. Алайда, 2020 жылдың сәуір айында түнгі уақытта автокөлікті масаң күйде жүргізген», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындады. […]

Continue Reading

Елімізде жұқпалы дертке шалдыққандар саны 900-ге жуықтап қалды

Аtr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Елімізде жұқпалы дертке шалдыққандар 865-ке жетті. Алматы облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Шымкент қаласы – 2, Түркістан облысы – 1. Қазақстан бойынша барлығы 865 жағдай. Бүгінгі күні елімізде коронавирусқа байланысты 865 жағдай тіркелді. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласы – 231, Алматы қаласы – 137, Шымкент қаласы […]

Continue Reading