Атырауда көлікті мас күйде жүргізген әйелге 371 140 теңге айыппұл салынды

200412011116715a3636952i Жаңалықтар

Аtr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 8-бөлігі және 476-бабының 6-тармағымен азаматша А.Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, оның көлік құралын басқару құқығы болмаған. Алайда, 2020 жылдың сәуір айында түнгі уақытта автокөлікті масаң күйде жүргізген», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындады. Ол пәтер кілтін әпкесіне жеткізу үшін машинаны жүргізуге мәжбүр болғанын айтып, ақталуға тырысқан. Бірақ, сот оған қатысты бірнеше қаулы шығарды. Сөйтіп, мас күйде көлік руліне отырған әйелге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 8-бөлігімен 371 140 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, аталған Кодекстің 476-бабының 6-тармағымен ескерту түріндегі жаза қолданылды.

«ҚазАқпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/қiyal-men-shyndyқ/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз