Атырауда ақша бопсалаумен айналысып келген деструктивті ағым өкілдері ұсталды (+ВИДЕО)

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл.  Атырауда  деструктивті діни ағым өкілдері қатарынан құрылған қылмыстық топ ұсталды. Облыс аумағында полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, төтенше жағдай кезіндегі  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүргізген шара кезінде қылмыстық топты қолға түсірді. Деструктивті діни ағымның ұстанушыларынан құрылған қылмыстық  топ мүшелері қала аумағында азаматтардан қорқытып ақша талап етумен айналысқан. Қазір сотқа […]

Continue Reading

Атыраудың бас санитары интернетті шулатқан видеоға түсінік берді (+ ВИДЕО)

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл. Интернет желісінде тарап жатқан Теңіз кенішіндегі видеоға байланысты Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Темірбек Мусағалиев түсінік берді. “Күні кеше Теңіз кенішінен инфекция анықталды. Яғни, 50 жастағы қызметкер әйел адамнан алынған сынаманың расталғаны туралы ресми ақпарат берілді. Қазіргі таңда ол әйел Атыраудағы инфекциондық стационарда ем алып жатыр. Онымен тығыз байланыста болған […]

Continue Reading

Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл. Болат Исаков Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Болат Әлмұханұлы Исаков  Атырау облысы әкімінің Өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.  Исаков Болат Әлмұханұлы 1968 жылы Жамбыл облысында туған. 1991 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды «Қолданбалы математика», ал 1999 жылы “Әділет” жоғары құқық мектебін «Заңгер» мамандығы […]

Continue Reading

Зияткерлік мектептің үш оқушысы Назарбаев Университетіне түсті

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл. Оқу жылының аяқталуына бір айдан астам уақыт бар. Ал Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары орта білімді аяқтағаннан кейін қай жоғары оқу орынында білім алатыны анық біледі. Облыстағы зияткерлік мектептің үш оқушысы Халықаралық академиялық бағалау емтиханының (SAT) қорытындысымен Назарбаев Университетінің грантына ие болды, – деп хабарлайды оқу орынның баспасөз қызметі. Дулат Уәлиев, […]

Continue Reading

Тәртіпке бас иген құл болмайды

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл. Халқын сабырға шақырып, елінің амандығын тілеген  Елбасы бұл жолы тағы бір мәрте нағыз сұңғыла саясаткер, Ұлт көшбасшысы, Отанының нағыз патриоты  екенін таныттыкөрсете. Ұлы ойшылдар мен ғұламалардың, от ауызды, орақ тілді ақын-жазушылардың даналық сөздерін өз мақаласында келтіре білген  ол халықты бірігуге, тарихта бұрын-соңды кездеспеген қауіпті кеселмен, қатерлі індетпен  бірлесе күресуге шақырды.  Еліміздің […]

Continue Reading

Атырауға әкелінген жеміс көшеттерінің жаңалығы неде?

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл. Көктемде кезекті көркейту-көгалдандыру жұмыстарының басталатыны белгілі. Осы орайда, Атырауға сертификатталған 11 түп жеміс ағаштарының көшеттері әкелінді. Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Атырау қалалық аумақтық инспекциясы мамандарының мәліметінше, бұл күндері жергілікті бау-бақша өсіруші бағбандар өз учаскелеріне шығып, көшет отырғызуға дайындық қамына кіріскен. Ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан, саяжайлардағы қарекеттің қыза […]

Continue Reading