СҮЙІНШІ! Атырауда екі адам коронавирустан жазылып шықты

dd 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Коронавирусты жеңіп шыққан атыраулықтардың бірі 14 жастағы жасөспірім қыз.

Екіншісі 19 жастағы ер бала.

«Науқастардың екеуі 27 наурыз күні инфекциондық ауруханаға жатқызылып, сол күннен бері ем қабылдап келген болатын. Олар Атырауда коронавирус жұқтырған алғашқы науқастардың қатарынан» делінген Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Атырау облыстық штабының жедел ақпаратында.

Еске сала кетелік, Қазақстан бойынша 86 адам жұқпалы індеттен емделіп шықты.

Өкінішке орай, 10 адам көз жұмды.

Елорда уақытымен 15.00 сағаттағы ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 897-ге жетіп отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/karantin-atyrauda-%d2%9bo%d2%93amdy%d2%9b-marshruttardy%d2%a3-zh%d2%afru-ua%d2%9byty-%d3%a9zgerdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз